Cookie Policy

Осы веб-сайт Mondelēz International Inc. компаниясына тиесілі. Біздің сайттың көптеген келушілері жеке ақпараттарды беруге сақтықпен қарайтындығын және біздің оны қалай қолданатындығымызды сұрайтындығын біз түсінеміз. Мұндай қауіптенулерді еңсеру үшін, біз Құпиялық саясатын әзірледік және оны жаңартып тұра аламыз. Сондықтан, уақыт өткен сайын біздің Құпиялық саясатымызды қарап отыруларыңызды сұраймыз.

Біз қандай ақпараттарды жинаймыз

Біздің Сайтта біз жеке ақпараттарды, сондай-ақ жалпы деректерді жинаймыз. Жеке ақпарат жеке тұтынушыға қатысты - мысалы, оның аты, мекен-жайы, телефоны, e-mail, кредиттік картасының нөмірі және соған ұқсастар. Мұндай ақпараттарды біз оны ерікті және саналы түрде беретін тұлғалардан ғана жинаймыз. Мысалы, біздің сайтта тіркеліп, немесе бізбен әрі қарай байланыста болуы үшін өзінің атын және мекен-жайын хабарлап. Біз өзіміздің сайтты қарап шығу үшін немесе оның мазмұнына қол жеткізу үшін тіркелуді немесе осындай ақпаратты ұсынуды сұрамаймыз.

Жалпы ақпарат сайт келушілерінің саны, олар қандай беттерге кіретіндігі, олардың қандай ақпараттарды жүктеп алғандығы, олар қолданатын браузер мен операциялық жүйенің түрі (мысалы, America Online) және басқалары сияқты аспектілерге қатысты. Сіз біздің сайтқа келген кезде, біз осы ақпаратты автоматты түрде аламыз және оны басқа келушілер туралы ұқсас ақпаратқа біріктіреміз. Осы ақпаратты жинай отырып, біз, өзіміздің сайтымызды келушілеріміздің қажеттіліктеріне қалайша жақсырақ бейімдей алатындығымызды талдаймыз.

Ақпарат қалай жиналады

Жеке ақпарат, біз жоғарыда атап өткендей, тікелей Сізден және өз растауыңызбен келіп түседі. Осылайша, Сіз сайтта тіркелегн кезде, біз Сіз ұсынған ақпараттарды жинаймыз. Сіз промо-акцияға тіркелген кезде, біз Сіздің алдыңыздағы өз міндеттерімізді орындау үшін, Сіздің қатысуыңыз үшін қажетті ақпараттарды жинаймыз. Сіз бізге электронды хат жолдаған кезде, біз сізге жауап беруге мүмкіндігіміз болуы үшін, біз сіз көрсеткен электронды поштаңыздың мекен-жайын сақтап қоямыз.

Біз сондай-ақ Сіз біздің сайтқа кірген кезіңізде, жалпы ақпаратты үнемі жинаймыз. Мұндай деректерді жинау үрдісі, төменде түсіндірілген cookies немесе web beacons (сондай-ақ single-pixel gifs деп аталады) технологиясының көмегімен жүргізіледі.

Cookies

Көптеген басқа компаниялар сияқты, біз өзіміздің сайтта және одан тыс жерлерде cookies технологиясын қолданамыз. Cookies— дегеніміз ақпараттарды сақтау үшін, қолданушының қатты қатты дискісіне веб-сайт беретін ақпараттардың үзінділері. Бұл технология Сіз белгілі бір сайтты қарап шыққан кезіңіздегі сіздің басымдықтарыңызды сақтай отырып, интернетті қолдану мүмкіндігін кеңейтеді. Cookies технологиясында жеке ақпараттар болмайды және ешқандай түрде Сіздің жүйеңізді баптай алмайды немесе Сіздің қатты дискіңізден ақпараттарды оқи алмайды.

Біздің сайт қаралып жатқан кезде, біз компьютерде cookie орналастыра аламыз. Мұндай уақытша cookies біздің сайтқа келушілердің санын есептеу үшін қолданылады. Сіз браузерден шыққан кезде олар өшіріледі. Сіздің браузеріңіз компьютерде тұрақты cookies сақтауы мүмкін. Тіркеу кезінде, cookies-тің осы түрлері бізге Сіздің алғаш келуші екендігіңізді немесе бұрын бізге келгеніңізді хабарлайды. Cookies Сіз туралы ешқандай жеке ақпарат алмайды және бізге Сіздің байланыс ақпараттарыңызды бермейді, және де Сіздің компьютерден ешқандай ақпарат алмайды. Біз cookies-ты сайттың сипаттамаларын және сіз барлығынан да жақсы көретін рецепттерді анықтау үшін Сіз қызығушылық танытқан ақпаратты Сізге көбірек беру мақсатында қолданамыз.

Көптеген браузерлердің тақтасындағы «help» затбелгісі Сізге браузердің жаңа cookies-ті қабылдауына қалай тыйым салу керектігін, Сіздің жаңа cookies-терді алғандығыңыз туралы браузерден хабарламаларды қалай алу керектігін, немесе cookies-ті қалайша өшіруге болатындығы туралы хабардар етеді. Mondelēz InternationalFoods сайтының барлық мүмкіндіктерін толық көлемде қолдануыңызға cookies мүмкіндік беретіндігін естен шығармаңыз және біз Сізге оларды қосылып тұрған түрде қалдыруды ұсынамыз.

Web Beacons

Web beacons — бұл бізге мысалы Сіздің бетті қарап шыққандығыңызды анықтауға көмектесетін интернет-құрал. Сіз бізден промо-акция туралы ақпаратты немесе ақпараттық бюллетеньді жіберуді сұрасаңыз, біз сізге жіберген электронды хабарламалардың қаншамасы шынында да ашылғандығын анықтау үшін web beacons-ты қолдануымыз мүмкін. Жалпы алғанда, баннерлерді қоса алғанда, веб-парақтың бір бөлігі болып табылатын кез келген электронды бейне web beacons бола алады.

Mondelēz InternationalFoods сайтындағы жарнамалық хабарламаларға қызмет көрсететін үшінші тараптардың жарнамалық желілері өз жарнамаларында cookies және/немесе web beacons технологияларын пайдалануы мүмкін. Mondelēz InternationalFoods осындай үшінші тұлғалардың cookies-теріне және/немесе web beacons-тарына бақылау жасай алмайды және олардың үшінші тараптар үшін жинауы мүмкін ешқандай ақпараттарына қол жеткізе алмайды. Үшінші тараптардың жарнамалық желілері және олардың құпиялық саясаты туралы көбірек білу үшін, http://www.networkadvertising.org/ сайтына кіріңіз. Сондай-ақ, Mondelēz International басқа компаниялардың сайтында өзінің жарнамаларын орналастыру кезінде cookies және/немесе web beacons-тарды пайдалануы мүмкін. Біз жинайтын кез келген деректер Құпиялық туралы осы саясатпен реттелетін болады.

Сайыстар мен лотереялар

Біздің сайт кейде біздің промо-акциялар туралы хабарламалар жариялайды, және кейбір жағдайларда біз Сізге онлайн тіркелуге мүмкіндік беруіміз мүмкін. Мұндай жағдайларда біз акцияны өткізу үшін Сіз ұсынған ақпаратты қолданамыз (мысалы, егер сіз ұтып алған болсаңыз, Сізге хабарлау үшін). Промо-акция аяқталғаннан кейін біраз уақыттан соң, жеке ақпараттар, егер сіз оны бізде сақтауға және оны әрі қарай да бізден ақпарат алу үшін пайдалануға келісім бермесеңіз, біздің мәліметтер қорынан өшірілетін болады.

Сауалнама жүргізу және сұраулар

Кейде біз сайтқа келушілерден олардың көзқарасы мен мүдделерін зерттеу үшін сауалнамалар мен сұрауларды толтыруды сұраймыз. Сұраулар бізге Сіздің қажеттіліктеріңізді түсінуге көмектеседі. Егер біздің сайтта жауап-үлгілер жарияланған болса, оларда жеке сипаттағы ақпараттар болмайды. Егер Сіз біздің сұрауларымыздың біріне қатысатын болсаңыз, онда осындай зерттеу нәтижелері бойынша алынған Сіз туралы жеке сипаттағы ешқандай ақпараттарды біздің мәліметтер қорымызда қалдырмайтындығымызға сіз сенімді бола аласыз.

Біз Сіздің жеке ақпаратыңызды қалай қолданамыз

Егер Сіз тіркелу кезінде бізден қосымша ақпарат алуға келісім берген болсаңыз немесе біздің ақпарат алушыларымыздың тізіміне енгізуге ниет білдірген болсаңыз, біз кей кездері Сізге хабарламалар жіберуіміз мүмкін - мысалы, маркетингтік немесе промо-материалдар; Сіздің түсініктемелеріңізге немесе ақпарат сұрауларыңызға жауап беруіміз; қажет болса Сіз біздің сайт арқылы өнімге немесе қызметке сұранысты өңдеу барысында Сізбен хабарласуымыз мүмкін.

Біздің сайттың e-mail бөлігінде біз Сізден аты-жөніңіз және телефон нөміріңіз сияқты жеке сипаттағы ақпараттарды беруді сұраймыз. Біз оны тек қана егер біздің сізбен электронды пошта арқылы байланысқа шығу талпынысымыз сәтсіз болған жағдайда, сізбен тікелей байланысқа шығу қажет болғанда ғана қолданамыз. Егер Сіз басқадай рұқсат бермесеңіз, біз сіздің e-mail-ды жолдаған хабарламаңызға жауап беруден басқа кез келген мақсаттарда қолданбаймыз.

Біз сондай-ақ Сіздің жеке ақпараттарыңызды біздің маркетингтік және промо-науқандарымызды, веб-сайтты пайдалануды статистикалық талдауын жақсарту үшін, және де біздің сипаттамаларымыз бен мазмұнымызды жақсарту үшін қолданамыз. Сіздің жеке ақпаратыңыз сіздің сайттағы әрекетіңізден және ұсынылған ақпараттардан біз қаншалықты түсіне алатын болсақ, соншалықты Сіздің мүдделеріңізге сәйкес мазмұнды баптау үшін қолданылуы мүмкін. Мұндай бейімделген мазмұнда рецепттер, баннерлер, өнімдер мен промо-акциялар туралы ақпараттар болуы мүмкін. Біз жеке ақпараттарды автоматты жинамаймыз, бірақ біз бұрынырақ алынған жеке ақпараттардан автоматты түрде жиналған (cookies арқылы) жеке сипаты жоқ деректерді біріктіре аламыз..

Mondelēz International жеке ақпараттарды ең алдымен Сізге сайтты интерактивтік жарнамалық баннерлерді үйреншікті, нәтижелі және жайлы пайдалануды қамтамасыз ету үшін жинайды.

Mondelēz International-ге қызмет көрсететін үшінші тараптар

Жұмыс барысында біз біздің атымыздан көптеген функцияларды орындайтын басқа компаниялар мен тұлғаларға жүгінеміз. Мысалы, белгілі агенттіктерде промо-науқандарға әкімшілік жасауға, деректерді талдауға, тапсырыстарды орындауға және тұтынушыларға қолдау көрсетуге тапсырыс береміз. Бұл агенттіктер, егер олар Mondelēz InternationalFoods үшін өздерінің қызметтерін орындау үшін қажет болған жағдайда, жеке ақпараттарға қол жеткізе алуы мүмкін, бірақ оларға оны басқа мақсаттарда қолдануға тыйым салынған, және біз олардан құпиялық сақтауды талап етеміз.

Деректерді жариялау және беру

Біз өзіміздің сайттан алынған жеке ақпараттарды Сіздің алдын ала келісіміңіз болмаса, үшінші тараптарға сатпаймыз, бермейміз, және жарияламаймыз. Осы ережелерден тек қана екі шегеріс бар:
1. Біз ақпаратты қылмыстың немесе бізге немесе үшінші тұлғаларға зиян келтірудің алдын алу үшін қажет болған жағдайда жариялаймыз.
2. Біз, жоғарыда айтылғандай бізге қолдау және қызеттер көрсететін үшінші тұлғаларға ақпараттарды жариялаймыз.

Біздің келушілеріміз туралы жалпы ақпараттарды (мысалы, біздің сайтқа келуші ерлер және әйелдердің пайызы) жарнама агенттіктеріне, іскерлік серіктестерге, демеушілерге және басқа да үшінші тараптарға, біздің тұтынушылар үшін біздің сайтты баптау үшін немесе оның мазмұнын және жарнамаларды кеңейту үшін беруіміз мүмкін. Біз сондай-ақ өзіміздің келушілерміз сайтты қалай қолданатындығын және оның қай парағының ең танымал екендігін түсіну үшін, веб-тіркеу файлдарынан (Сіздің браузеріңіз, операциялық жүйеңіз, келген парақтарыңыз және т.б.) деректерді жинай аламыз.

Басқа сайттарға сілтемелер

Mondelēz International біздің сайттағы әрбір сілтеме Сіз үшін пайдалы болуы үшін барлық күш-жігерін салады. Бірақ веб-сайттар мен мекен-жайлар тез өзгереді, және Mondelēz International біз сілтеме жасаған әрбір сайттың сапасына кепілдік бере алмайды. Сондай-ақ әртүрлі веб-сайттарда әртүрлі құпиялық ережелері бар. Сіз өз құқықтарыңызды түсіну үшін, өзіңіз кіретін әрбір сайттардың құпиялық туралы ережелерін әрқашан қарап шығуыңыз қажет.

Таңдау және бақылау

Біздің сайтта бізге Сіз беретін жеке ақпараттарыңызды өзіңіз толығымен бақылайсыз. Мысалы, Сіз төменде көрсетілген мекен-жай бойынша Online Team тобына жай ғана хат жолдап, немесе сайттың Your Profile тарауындағы ақпараттарды өзгертіп, бізден қосымша ақпарат алу жөніндегі өз шешіміңізді қашанда өзгерте аласыз. Немесе, егер Сіз қаласаңыз, Сіз тіркеуден мүлде бас тарта аласыз, және біз Сіздің жеке ақпараттарыңызды тез арада біздің мәліметтер қорынан өшіріп тастаймыз. Егер осыны жасағыңыз келсе, төменде көрсетілген мекен-жай бойынша Online Team тобына хат жолдаңыз.

Балаларға арналған маңызды ақпарат

Өз аты-жөніңізді, мекен-жайыңызды, e-mail немесе кез келген басқа жеке ақпаратты интернет желісінде кімге де болса хабарлаудың алдында, өзіңіздің ата-аналарыңыздың келісімін міндетті түрде сұраңыздар.

Балаларға арналған құпиялық саясаты

Біз балаға электронды хат жіберуіне мүмкіндік бере аламыз. Біз осындай хатқа жауап қайтарамыз, бірақ біз есімдерді, электронды пошта мекен-жайларын немесе электронды хаттың өзін біздің мәліметтер қорында сақтамаймыз. Біз мұндай ақпаратты сақтамаймыз немесе үшінші тараптарға бермейміз (жоғарыда айтылғандай, бізге қолдау қызметтерін көрсететіндерге).

Жергілікті заңнамаға сәйкес, 13 жасқа дейінгі балаларға арналған веб-сайттар қызметтердің белгілі түрлеріне қатысу үшін дәйекті қажеттілікке қарағанда жеке ақпараттың көбірек мөлшері ұсынылған жағдайда баланың қатысуын ынталандыруға тыйым салынған. Біз осы талаптарды ұстанамыз.

Тиісті түрде сәйкестендіруден кейін ата-аналардың әрқайсысы өздерінің баласынан біздер алған кез келген жеке ақпараттармен таныса алады, егер біз осындай ақпараттарды мәліметтер қорында сақтаған болсақ. Олар сондай-ақ біздің мәліметтер қорынан осындай ақпаратты өшіруді талап ете алады және олардың баласы туралы ақпараттарды әрі қарай алуға немесе пайдалануға тыйым сала алады. Егер сіз ата-ана болсаңыз және осы құқықтарды пайдаланғыңыз келсе, төменде көрсетілгендей Online Team тобына жүгінуіңізді сұраймыз.

Осы ескертулердің жаңартылуы

Біз осы саясаттың бөліктерін кез келген уақытта, алдын ала ескертусіз өзгерте немесе жаңарта аламыз. Кез келген өзгерістер мен жаңартулар туралы білу үшін, уақыт өткен сайын ескертулерді қарап отыруларыңызды сұраймыз. Біз ескертудің бірінші бетінде өзгерістердің күшіне ену күнін белгілеп отыратын боламыз.