Құпиялық туралы ережелер

Сіздің келісіміңіз

Осы веб-сайт «Mondelēz International Inc.» («Монделис») компаниясына тиесілі. «Монделис» компаниясы осы сайтты қолданады және Сізге ақпараттық мақсаттарда оған кіруге рұқсат береді. Осы сайтқа кіріп немесе оны қолданып, Сіз осы Қолдану шарттарымен келісесіз және біздің Құпиялық саясатымызбен келісетіндігіңізді растайсыз. Егер Сіз Қолдану шарттарымен және Құпиялық саясатымен келіспейтін болсаңыз, Сіз осы сайтты қолдана алмайсыз.

Біз жинайтын ақпарат түрлері

Біздің Сайтта біз жеке, сондай-ақ жалпыланған ақпараттарды жинаймыз.

Жеке ақпарат жеке тұтынушыға қатысты, мысалы, оның тегі, аты, мекен-жайы, телефон нөмірі, электронды пошта мекен-жайы, кредиттік картасының нөмірі және т.б. Біз жеке ақпараттарды тек қана оны ерікті және саналы түрде беретін, мысалы, біздің Сайтта тіркеліп немесе бізбен әрі қарай байланыста болуы үшін өзінің атын және мекен-жайын хабарлайтын тұлғаларға қатысты ғана жинаймыз. Біз сіздерден біздің сайтты қарап шығу үшін немесе оның мазмұнына қол жеткізу үшін тіркелуді сұрамаймыз.

Жалпыланған ақпарат сайт келушілерінің саны, олардың ашқан парақтарының саны, веб-браузер мен операциялық жүйенің түрі, қолданылатын интернет-провайдердің атауы және т.б. сияқты сұрақтарға қатысты. Сіз біздің сайтқа келген кезде, біз осы ақпаратты автоматты түрде аламыз және оны біздің веб-сайттың барлық басқа келушілері туралы алынған ұқсас ақпаратқа біріктіреміз. Осы ақпаратты жинай отырып, біз, өзіміздің келушілеріміздің мүдделері үшін біздің веб-сайтты қалай жақсырақ бейімдей алатындығымызды зерттейміз.

Біз ақпаратты қалай жинаймыз

Біз жоғарыда атап өткендей, біз Сіздің жеке ақпаратыңызды тікелей Сізден және Сіздің рұқсатыңызбен жинаймыз. Осылайша, Сіз біздің веб-сайтқа кірген кезіңізде, біз Сіз осы кезде ұсынатын ақпараттарды жинаймыз. Сіз жарнамалық акцияға қатысқан кезде, біз Сіз қатысу үшін ұсынатын және бізге жарнамалық акция барысында Сіздің алдыңыздағы біздің міндеттерімізді орындауға мүмкіндік беретін ақпараттарды жинаймыз. Сіз бізге электронды пошта арқылы хабарлама жіберген кезде, біз сізге жауап бере алуымыз үшін өзіңіз ұсынатын сіздің электронды поштаңыздың мекен-жайы туралы ақпаратты жинаймыз.

Біз сондай-ақ Сіз біздің сайтты қарап шығуыңыз барысында жалпыланған ақпаратты үнемі жинаймыз. Жеке сипаты жоқ мұндай ақпаратты жинау, төменде түсініктеме берілген «cookies» немесе «желілік шамшырақтар» (сондай-ақ «деректерді элементтерге бөліп алмастыру форматы» деп аталады) технологиясын пайдаланып жүргізіледі.

Cookies

Көптеген басқа компаниялар сияқты, біздің веб-сайтта біз «cookies» технологиясын қолданамыз. "Cookies"— дегеніміз ол веб-сайт қолданушының компьютерінің қатты дискісіне тіркеу жазбаларын жүргізу үшін беретін ақпараттардың үзінділері. "Cookies" Сіз қандай да бір сайтқа кірген кезіңізде сіздің преференцияларыңызды сақтай отырып, интернетпен жұмыс істеген кездегі сіздің мүмкіндіктеріңізді кеңейтеді. "Cookies"жеке сипаттағы ақпаратқа ие болмайды, Сіздің жүйенің профилін өзгерте алмайды немесе сіздің қатты дискіңізден ақпарат ала алмайды.

Сіз біздің веб-сайтты қарап отырған кезде, біз Сіздің компьютерде "cookie" орналастыра аламыз. Уақытша "cookies" біздің сайтқа келушілердің санын есептеу сияқты мақсаттарда қолданылады. Сіз өзіңіздің браузеріңізден шыққан кезде, осы уақытша "cookies" өшіріледі. Сіздің браузеріңіз сондай-ақ Сіздің компьютерге тұрақты "cookie" енгізуі мүмкін. Сіз біздің сайтқа кірген кезде, "cookies-тің" осы түрлері бізге Сіздің бұрын бізге келгеніңіз немесе Сіздің жаңа келуші болып табылатындығыңыз туралы хабарлайды. "Cookie" Сіз туралы ешқандай жеке ақпарат бермейді және бізге Сізбен байланысқа түсуімізге ешқандай мүмкіндік бермейді, және мұндай "cookie" Сіздің компьютерден ешқандай ақпарат алмайды. Біз "cookies-ты" сайттың ерекшелігін және Сіз көбінесе қызығушылық танытқан ақпаратты, Сізге не қызықты болса, соны көбірек көлемде біздің бере алуымыз үшін анықтау жеңілдеу болу үшін қолданамыз.

Көптеген браузерлердің басқару тақтасындағы «Анықтама» тармағы Сізге браузердің "cookies"-ті қабылдамайтындай етіп немесе Сізді жаңа "cookies-ті" алу туралы хабардар етуін қалайша жасауға болатындығын хабарлайды, және де "cookies-ті" қабылдау функциясын толығымен қалайша өшіруге болатындығын көрсетеді. Бірақ «Монделис Қазақстан» ЖШС компаниясының веб-сайтының жаңа параметрлерінің барлық артықшылықтарын Сіздің қолдана алуыңызға "cookies" мүмкіндік беретіндігін естен шығармаңыз және біз Сізге оларды қабылдау функциясын өшірмеуге ұсыныс береміз.

Желілік шамшырақтар

Желілік шамшырақтар дегеніміз — бұл бізге мысалы қандай-да бір беттің көрініп тұратындығын анықтауға көмектесетін интернет құралы. Сіз бізден жарнамалық акция туралы ақпаратты немесе ақпараттық бюллетеньді жіберуді сұрасаңыз, біз сізге жіберген электронды хабарламалардың қаншамасы шынында да ашылғандығын анықтау үшін қолданамыз. Баннерлік хабарландыруларды қоса алғанда, веб-парақтың бір бөлігі ретінде көрсетілетін кез келген электронды хабарлама желілік шамшырақ сияқты әрекет жасай алады.

Жарнама берушілер - Mondelēz International компаниясының кез келген веб-сайтында өз хабарландыруларын орналастыратын үшінші тұлғалар, өздерінің жарнамалық хабарландыруларында «файл-маркерлерді» және/немесе желілік шамшырақтарды пайдалануы мүмкін. Mondelēz International компаниясы үшінші тұлғалардың осындай «файл-маркерлеріне» және/немесе желілік шамшырақтарына ешқандай бақылау жасай алмайды және олардың өз атынан жинауы мүмкін кез келген ақпараттарына қол жеткізе алмайды. Үшінші тұлғалардың жарнамалық қызметі және олардың құпиялық саясаты туралы Сіз мына сілтемені басып біле аласыз: https://www.networkadvertising.org/. Одан басқа, Mondelēz International компаниясы басқа компаниялардың веб-сайтында өзінің жарнамаларын орналастыру кезінде «файл-маркерлерді» және/немесе желілік шамшырақтарды қолдана алады. Осылайша біз жинайтын кез келген ақпарат Құпиялық туралы осы ережелермен реттелетін болады.

Сайыстар мен жарыстар

Сіз, залалдарды өтеуге, «Монделис» компаниясын, оның лауазымды тұлғаларын, директорларын, қызметкерлерін, агенттерін, лицензиаттарын және жеткізушілерін жауапкершілікке тартпауды қамтамасыз етуге, осы шарттарды және интернет желісіндегі өз профиліңізді пайдалану арқылы сайтқа кіріп, өзіңіз немесе кез келген басқа тұлға жіберген, интернет желісіндегі сіздің аккаунтыңызға байланысты кез келген әрекеттің нәтижесінде туындайтын залалдар мен шығындардан, сәйкес адвокат гонорарлары мен сот шығындарын қоса алғанда, барлық жоғалтулардан қорғауға келісесіз. Біздің сайт кейде біз өткізетін жарнамалық акциялар туралы хабарламалар жариялайды және кейбір жағдайларда біз Сізге оларға қатысуыңыз үшін электронды құралдарды пайдаланып тіркелуді ұсынуымыз мүмкін. Егер бұл осылай болатын болса, жарнамалық акцияны жүргізу мақсатында біз Сіз ұсынған ақпаратты қолданатын боламыз (мысалы, егер сіз жеңімпаз деп танылған болсаңыз, Сізбен байланысқа шығу үшін). Жарнамалық акция аяқталған соң уақыттың сәйкес кезеңі аяқталған кезде, сіздің жеке ақпаратыңыз, егер сіз оны бізде қалдыруымызға және оны әрі қарай да Сізбен байланыста болуымыз үшін қалдыруымызға келісім бермесеңіз, біздің мәліметтер қорынан өшірілетін болады.

Сауалнамалық сұраулар

Кейде біз өзіміздің сайтқа келушілерден олардың көзқарасы мен мүдделерін көрсететін сауалнаманы толтыруды сұраймыз. Мұндай зерттеулер бізге Сіздің қажеттіліктеріңізді түсінуге көмектеседі. Егер біз кейіннен сіздің жауаптарыңыздың үлгісін веб-сайтымызда жариялайтын болсақ, біз ешқандай жеке сипаттағы ақпараттарды көрсетпейміз. Егер Сіз біздің зерттеулеріміздің біріне қатысатын болсаңыз, біз осындай зерттеу нәтижелері бойынша алынған Сіз туралы жеке сипаттағы ешқандай ақпаратты өзімізде қалдырмайтындығымызға сіз сенімді бола аласыз.

Біз Сіздің жеке ақпаратыңызды қалай қолданамыз

Егер Сіз тура көрсетілген түрде бізбен әрі қарай байланыста болуға келісім берсеңіз немесе тіркелу кезінде Өзіңізді біздің таратылым тізіміне енгізуді сұраған болсаңыз, біз кей кездері Сізбен хабарласауымыз мүмкін. Мысалы, біз сізге маркетингтік немесе жарнамалық материалдарды жолдауымыз мүмкін; біз Сіздің түсініктемелеріңізге немесе ақпарат сұрауларыңызға жауап беруіміз мүмкін; немесе Сіз біздің сайт арқылы өнімге немесе қызметке сұранысты өңдеу барысында қажет болатын болса, біз Сізге хабарласуымыз мүмкін.

Біздің сайттың электронды пошта тарауында біз Сіздің аты-жөніңіз және телефон нөміріңіз сияқты жеке сипаттағы кейбір ақпараттарды беруді сұраймыз. Біз бұл ақпаратты, тек қана егер біздің сізбен электронды пошта арқылы байланысқа шығу талпынысымыз сәтсіз болған жағдайда, сізбен тікелей байланысқа шығу керек болған кезде ғана қолданамыз. Біз сіздің электронды мекен-жайыңызды, егер тек Сіз оны басқадай қолдануға рұқсат бермесеңіз тек қана сіздің жолдаған хабарламаңызға жауап беру үшін ғана қолданамыз.

Біз сондай-ақ Сіз туралы жеке ақпаратты біздің маркетингтік және жарнамалық қызметімізді жақсарту үшін, біздің веб-сайтты пайдалануды статистикалық талдау және оның негізгі сипаттамалары мен мазмұнын жақсарту үшін ғана қолданамыз. Біз сондай-ақ Сіздің бізге берген ақпаратыңыз негізінде, және де біздің сайтпен Сіздің жұмыс істеуіңіздің негізінде, біздің түсінуімізше Сіздің мүдделеріңізге барынша сәйкес келетін мәліметтер беру үшін Сіздің жеке ақпараттарыңызды қолданамыз. Сіздің мүдделеріңізге бейімделген осы мәліметтер рецепттерді, баннерлерді, қандай-да бір өнімдер туралы ақпараттарды және жарнамалық ұсыныстарды қамтуы мүмкін. Біз жеке ақпараттарды автоматты жинастыруды жүзеге асырмаймыз, бірақ біз жеке сипаты жоқ және автоматты түрде алынған («файл-маркерлер» арқылы алынған) ақпараттарды біріктіре аламыз.

Mondelēz International компаниясының жеке ақпараттарды жинаудағы негізгі мақсаты болып, Сіз біздің веб-сайтты және интерактивті баннерлік хабарландыруларды өзіңіз үшін барынша көп пайдамен пайдалана алуыңыз табылады.

Сіздің жеке ақпаратыңыздың сақтау мерзімі Сіз сайтты қолданатын мерзімді құрайды. Осы сайтты қолдана отырып, Сіз Монделис компаниясы Сіздің дербес деректеріңізді үшінші тұлғаларға беруге құқылы екендігін және Сізді осындай беру, өңдеу, жою туралы хабардар ету міндетінен босатылатындығын растайсыз. Сіз: «Мон’дэлис Қазақстан» ЖШС; 050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Төле би к-сі, 101 мекен-жайына кері қайтарып алу туралы қол қойылған жазбаша хабарлама жолдап, өзіңіздің дербес деректеріңізді пайдалануға берген өз келісіміңізді кері қайтарып алуға құқылысыз.

Жарнамалық серіктестер

Mondelēz International компаниясы «Wizard» компаниясын біздің атымыздан басқа компаниялардың веб-сайттарында баннерлік жарнаманы жариялау жөніндегі өзінің серіктесі ретінде таңдап алды. «Даблклик» өзінің жарнамасына кім шертетін болса, ол әрбір адамның әрекетін қадағалау үшін «файл-маркерлерді» қолданады. «Даблклик» компаниясының құпиялық туралы ережелері, олармен wizardpost.com.ua мекен-жайында танысуға болады, осындай қадағалауларды қалайша болдырмау керектігін түсіндіреді. Бұдан басқа, Сіз өзіңіздің браузеріңіз арқылы «cookie файлдарын» жасау функциясын өшіріп тастай аласыз. Осы туралы нақтырақ ақпаратты Сіз өзіңіздің браузеріңіздің «Анықтама» тарауында біле аласыз.

Mondelez international компаниясына қолдау көрсететін үшінші тұлғалар

Іскерлік белсенділікті жүргізу барысында біз басқа компанияларды және жеке тұлғаларды біздің атымыздан әртүрлі функцияларды орындауға тартамыз. Мысалы, біз жарнамалық акцияларды өткізуге, деректерді талдауға, Сіз орналастырған тапсырыстарды орындауға, және клиенттерге қызмет көрсетуге көмектесетін агенттіктерді жалдаймыз. Бұл агенттер егер олардың Mondelēz International компаниясындағы жұмыстарын орындау үшін қажет болатын болса, жеке ақпараттарға қол жеткізе алуы мүмкін. Бірақ олар осындай ақпараттарды кез келген басқа мақсаттарға қолдана алмайды және осындай ақпараттардың құпиялығын сақтаулары тиіс.

Бірлесіп қолдану және деректерді беру

Біз өзіміздің веб-сайтта жинайтын жеке сипаттағы ақпараттарды Сіздің осындай әрекеттерге рұқсатыңызсыз үшінші тұлғаларға сатпаймыз, бермейміз, немесе жарияламаймыз. Осы ережелерден тек екі айрықшалық қана бар: (1) біз осындай ақпаратты, егер бұл қылмыстың немесе бізге немесе үшінші тұлғаларға зиян келтірудің алдын алу үшін қажет деп шынымен есептейтін жағдайда жариялаймыз; және (2) бізге жоғарыда аталғандай қолдау көрсететін үшінші тұлғаларға ақпараттарды жариялаймыз.

Кейде біз біздің келушілеріміз туралы жалпыланған ақпараттарды (мысалы, біздің сайтқа келуші ерлер және әйелдердің пайыздық ара қатынасы) жарнама берушілермен, іскерлік серіктестермен, демеушілермен және басқа да үшінші тұлғалармен, біздің қолданушылар үшін біздің сайттың мазмұнын бейімдеу үшін немесе мағынасын күшейту үшін бөлісеміз. Біз сондай-ақ өзіміздің келушілерміз сайтты қалай қолданатындығын және оның қай парағының/мүмкіндіктерінің ең танымал екендігін түсіну үшін жүктеу файлдарының деректерін (мысалы, Сіздің веб-браузеріңіз, операциялық жүйеңіз, келген парақтарыңыз және т.б.) жалпылай аламыз. Мұндай жағдайларда біз келушілердің дербес деректерін жеке сипаттан арылтамыз.

Басқа сайттарға сілтемелер

Mondelēz International компаниясы біздің веб-сайттағы әрбір сілтеме Сізді интернет желісіндегі пайдалы мекен-жайға бағыттайтындығын кепілді түрде қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерін салады. Бірақ веб-сайттар мен мекен-жайлар тез өзгереді, және Mondelēz International компаниясы өзі сілтемесін берген әрбір сайттың мазмұнына кепілдік бере алмайды. Бұдан басқа, әртүрлі веб-сайттарда құпиялық сақтау туралы әртүрлі ережелер бар. Сіз өз құқығыңызды білу үшін, өзіңіз кіретін сайттардың құпиялық туралы ережелерімен әрқашанда танысуыңыз қажет.

Таңдау және бақылау

Біздің сайтта бізге Сіздің беретін жеке ақпараттарыңызды соңғы есепте дәл сіз бақылайсыз. Мысалы, Сіз төменде көрсетілген мекен-жай бойынша онлайн топтың электрондық поштасына хабарлама жолдап, немесе сайттың «Сіздің профиліңіз» тарауындағы ақпараттарды өзгертіп, кейіннен байланысқа шығуға арналған баптауларды кез келген уақытта өзгерте аласыз. Сіз сондай-ақ өзіңіздің тіркелуіңізден толық бас тарта аласыз, және біз Сіздің жеке ақпараттарыңызды өзіміздің мәліметтер қорынан өшіріп тастау үшін тез арада әрекеттер жасаймыз. Егер Сіз осыны қалайтын болсаңыз, төменде көрсетілген мекен-жай бойынша онлайн топтың электронды поштасына сәйкес хабарлама жолдаңыз.

Балаларға арналған маңызды ескерту

Сіздің аты-жөніңіз, мекен-жайыңыз, электронды пошта мекен-жайыңыз немесе кез келген басқа жеке ақпаратты интернет желісіндегі кімге де болса хабарлаудың алдында, өзіңіздің ата-аналарыңыздың/ қамқоршыларыңыздың рұқсатын міндетті түрде алыңыз.

Балаларға қатысты құпиялық саясаты

Біздің веб-сайттың кейбір бөлімдері толығымен немесе жартылай 13 жасқа дейінгі балаларға арналған болуы мүмкін. Біздің веб-сайттың осы бөлімдерінде біз АҚШ-ның федералдық заңдарын және балалардың жеке өмірін қорғау жөніндегі нормативтік актілерді, және де балалар аудиториясына арналған жарнаманы бақылау бөлімінің (СARU) негізгі ұстанымдарын басшылыққа аламыз.

Біздің веб-сайттың балалар аудиториясына арналған бөлімдерінде, біз федералдық ұсыныстарға және СARU ережелеріне сәйкес рұқсат етілген жағдайларды ескермегенде, 13 жасқа толмаған балалардан жеке ақпараттарды жинамаймыз. Біздің веб-сайттың осы бөлімдерінде біз кейде сайыстар немесе жарыстар сияқты жарнамалық акциялар ұсынамыз. Мұндай жағдайларда біз балаға тек қана есімін (тегі керек емес) және электронды пошта мекен-жайын, және де өзінің ата-аналарының есімдері мен электронды пошта мекен-жайларын ғана көрсетіп сайысқа қатысуға рұқсат бере аламыз. Одан кейін біз ата-аналарға, олардың баласы сайысқа қатысуға ниет білдіргенін хабарлаймыз, және оларға мұндай қатысуға тыйым салу және ұсынылған ақпаратты біздің мәліметтер қорынан алып тастау мүмкіндігін ұсынамыз. Егер ата-аналары баласына жарнамалық акцияға қатысуға рұқсат беретін болса, және бала ұтып алатын болса, біз жүлдені табыс ету үшін қажетті жеке ақпаратты әрі қарай оларды алу үшін ата-анасымен (баланың өзімен емес) байланысқа шығамыз. Біз баланың жеке ақпаратын жарнамалық акция өткізуден басқа қандай-да бір мақсаттарға қолданбаймыз және біз осы ақпараттарды, егер біз осыны ата-аналарға арналған хабарламада тура көрсетпеген болсақ, үшінші тұлғаларға (жоғарыда аталғандай, бізге қолдау көрсететін кәсіпорындарды ескермегенде) бермейміз. Жарнамалық акция аяқталған соң уақыттың сәйкес кезеңі аяқталған кезде, бала және оның ата-анасы туралы барлық жеке ақпараттарды, егер ата-аналары оны біздің мұрағатта қалдыруымызға рұқсат бермесе, біз өзіміздің мәліметтер қорынан өшіреміз.

Біз сондай-ақ балаға электронды пошта арқылы бізге хабарлама жіберуіне немесе біздің сайт арқылы электронды хабарлама жіберуіне мүмкіндік бере аламыз. Біз осы хабарламаларға жауап қайтарамыз немесе оларды беріп жібереміз, бірақ біз есімдерді, электронды пошта мекен-жайларын немесе электронды хабарламалардың өзін біздің пайдаланушылық мәліметтер қорында сақтамаймыз. Біз бұл ақпаратты сақтамаймыз немесе үшінші тұлғаларға бермейміз (жоғарыда айтылғандай, бізге қолдау көрсететін кәсіпорындарды ескермегенде).

АҚШ заңнамаларына сәйкес, 13 жасқа дейінгі балларға арналған веб-сайттар ұсынылатын акцияларда баланың сәйкес акцияға қатысуы үшін қажеттіге қарағанда жеке ақпараттың көп мөлшерін жариялап қатысуына себеп бола алмайды. Біз осы талаптарды толығымен орындаймыз.

Тиісті түрде сәйкестендіруден кейін ата-аналар өздерінің баласынан біздер алған кез келген жеке ақпараттармен таныса алады, егер біз осындай ақпараттарды әлі де пайдаланушылық мәліметтер қорында сақтаған болсақ. Олар сондай-ақ біздің мәліметтер қорынан осы ақпаратты өшіруді талап ете алады және олардың баласынан біздің ақпарат алуды немесе пайдалануды жалғастыруымызға мүмкіндік беруден бас тарта алады. Егер сіз баланың ата-анасы болсаңыз және осы құқықтарды жүзеге асырғыңыз келсе, онлайн-топқа жүгінуіңізді сұраймыз.