Қолданушы келісімі

Сіздің келісіміңіз

Осы веб-сайт «Mondelēz International Inc».(«Монделис») компаниясына тиесілі. «Монделис» компаниясы осы сайтты қолданады және ақпараттық мақсатта Сіздің оған кіруіңізге рұқсат береді. Осы сайтқа келіп немесе оны пайдалана отырып, Сіз осы Қолдану шарттарымен келісесіз және біздің Құпиялық саясатымызбен келісетіндігіңізді растайсыз. Егер Сіз Қолдану шарттарымен және Құпиялық саясатымен келіспейтін болсаңыз, Сіз осы сайтты қолдана алмайсыз.

Сайтты пайдалану шарты

Егер басқадай көрсетілмесе, осы сайт Сіздің жеке бейкоммерциялық қолдануыңыз үшін ұсынылған. Сіз сайттан алынған кез келген ақпараттарды, бағдарламалық қамтамасыздауды, өнімдерді немесе қызметтерді өзгертуге, көшіруге, таратуға, беруге, көрсетуге, орындауға, қайта шығаруға, басып шығаруға, лицензиялауға, туынды жұмыстар жасауға немесе сатуға құқығыңыз жоқ. Сіз авторлық құқық, сауда белгісі туралы кез келген хабарламаларды немесе меншік құқығына басқа да сілтемелерді өзгертпейтін немесе өшірмейтін болсаңыз, жеке бейкоммерциялық пайдалану үшін сайттағы материалдардың үзінділерін көрсете аласыз және электронды құралдарды қолдана отырып, көшіре, жүктей және басып шығара аласыз. «Монделис» компаниясының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз сайтта көрсетілген материалдарды, осы сайттың мазмұнын жаңартуды, қайта шығаруды, таратуды, қайта басып шығаруды, көрсетуді немесе беруді қоса алғанда, бірақ шектелмей, кез келген басқадай түрде пайдалануға тыйым салынған. Сіз сайттан жүктейтін кез келген материал, бағдарламалық қамтамасыздауды, файлдарды, графиканы, деректерді немесе кез келген басқа деректерді қоса алғанда бірақ шектелмей, «Монделис» компаниясына немесе оның лицензиарларына тиесілі. Сіз бұл материалдарды жүктеген кезде, «Монделис» Сізге оларды кері қайтарып алынатын лицензия бойынша ұсынады. «Монделис» бағдарламалық қамтамасыздауға және осыған байланысты барлық зияткерлік меншік құқықтарына толық меншік құқығын сақтайды. Сіз осы материалдарды тарата немесе сата алмайсыз, және де бөлуге немесе адам пайдалануы үшін жарамды кез келген басқа түрге басқадай түрлендіре алмайсыз.

Сіздер берген материалдар

Сіз өзіңіз ұсынған кез келген материал үшін, заңдылық, сенімділік, орындылық, түпнұсқалық және осындай кез келген материалға қатысты авторлық құқық сияқты аспекттер үшін жауапкершілікті қоса алғанда, жауап беретіндігіңізді растайсыз. Сіз мазмұны жала жабатын, беделді түсіретін, әдепсіз, қауіп төндіретін, жеке өмірге қол сұқпаушылық немесе ақпараттың жариялылығы құқықтарын бұзатын, тіл тигізетін, заңсыз немесе басқа да жағымсыз, немесе қылмыс болып табылатын немесе оған қолдау көрсететін, кез келген тұлғаның құқығын бұзатын немесе басқадай түрде жауапкершіліктің пайда болуына негіз болып табылатын немесе кез келген заңды бұзатын кез келген материалдарды сайтқа жолдауға, таратуға немесе басқадай түрде сайт арқылы жариялауға құқығыңыз жоқ. Сіз сайтқа коммерциялық мазмұндағы ақпараттарды жолдай алмайсыз. Біздің Құпиялық саясатымызға сәйкес Сізден біз ала алатын жеке сипаттағы ақпараттарды ескермегенде, Сіз осы сайт арқылы «Монделис» компаниясына беретін барлық ескертулер, ұсыныстар, идеялар, графика немесе басқа ақпараттар «Монделис» компаниясының меншігі болады, тіпті егер осы мәміле кейіннен бұзылатын болса да. «Монделис» компаниясы және ол өкілеттеген тұлғалар Сіз оған берген материалдарды кез келген коммерциялық немесе бейкоммерциялық мақсаттарда, Сізге немесе басқа тұлғаларға осындай материалдар үшін теңгерім ақысын төлеудің қандай- да бір міндеттемелерінсіз еркін көшіруге, ашуға, таратуға, инкорпорациялауға және басқадай түрде қолдануға құқылы.

Бас тарту

"Монделис" компаниясы осы сайттың мазмұнының нақтылығына немесе толықтығына қатытсы ешқандай мәлімдемелер жасамайды және ешқандай кепілдік бермейді. Бұл сайт және осы сайтта ұсынылған материалдар, ақпараттар, қызметтер мен өнімдер, оның ішінде қоса алғанда бірақ шектелмей, мәтін, графика және сілтемелер, «қандай түрде бар болса» сондай түрде және тура қарастырылған немесе тұспалданған болса да, қандай-да бір кепілдіктерсіз ұсынылады. «Монделис» компаниясы нақты мақсаттар үшін жарамдылығына кепілдікті, бұзушылықтардың, компьютерлік вирустардың болмауын, іскерлік белсенділікті жүргізу нәтижесінде немесе жұмыстарды орындау барысында туындайтын кепілдіктерді қоса алғанда бірақ шектелмей, тура көрсетілген немесе тұспалданған қандай-да бір кепілдіктерді беруден бас тартады. «Монделис» компаниясы сайттағы функциялар үздіксіз әрекет ететіндігіне, немесе қателіктері болмайтындығына, кемшіліктер түзетілетіндігіне немесе сайтқа кіруді қамтамасыз ететін сайтта немесе серверде вирус немесе басқа да зиянды компоненттер болмайтындығына қатысты ешқандай мәлімдемелер жасамайды және ешқандай кепілдіктер бермейді. «Монделис» компаниясы осы сайттағы материалдардың толықтығы, дұрыстығы, нақтылығы, сәйкестігі, пайдалалығы, уақытылы болуы, сенімділігі немесе басқасына қатысты материалды пайдалануға қатысты ешқандай мәлімдемелер жасамайды және ешқандай кепілдіктер бермейді. Жоғарыда аталғандарға қосымша, қажетті қызмет көрсету, жөндеу немесе түзету бойынша барлық шығындарды сіз («Монделис» компаниясы емес) көтересіз. Кейбір мемлекеттерде заң жауапкершіліктен осындай бас тартуды қолдануға мүмкіндік бермейді, және сондықтан жоғарыда аталған құқықтық келісулер сізге қатысты қолданылмауы мүмкін.

Жауапкершілікті шектеу

Ешбір жағдайларда, «Монделис» компаниясы кез келген тура, жанама, арнайы, айыппұлдық, көзделмеген, тұрпаттық немесе басқа шығындар немесе тіпті егер «Монделис» компаниясы келісім-шартты орындау барысында немесе бейберекеттіктен немесе, осы сайтта қолжетімді ақпараттарды, қызметтерді, өнімдерді және материалдарды пайдалану негізінде немесе байланысты, пайдалана алмаудан туындайтын кез келген басқа себептердің салдарынан осындай шығындардың болуы мүмкін екендігі туралы алдын ала хабардар етілген болса да, кез келген шығындар үшін жауап бермейді. Өйткені кейбір елдерде болжалды кепілдіктердің әрекетінің ұзақтығына шектеулер белгілеуге, және де кейіннен болатын немесе көзделмеген залалдар үшін жауапкершілікті алып тастау немесе шектеуге рұқсат етілмейтіндіктен, жоғарыда аталған шектеулер сізге қатысты қолданылмауы мүмкін.

Залалдарды теңгеріп өтеу

Сіз, залалдарды өтеуге, «Монделис» компаниясын, оның лауазымды тұлғаларын, директорларын, қызметкерлерін, агенттерін, лицензиаттарын және жеткізушілерін жауапкершілікке тартпауды қамтамасыз етуге, осы шарттарды және интернет желісіндегі өз профиліңізді пайдалану арқылы сайтқа кіріп, өзіңіз немесе кез келген басқа тұлға жіберген, интернет желісіндегі сіздің аккаунтыңызға байланысты (бейберекет немесе құқыққа қарсы жүріс-тұрысты қоса алғанда, бірақ шектелмей) кез келген әрекеттің нәтижесінде туындайтын залалдар мен шығындардан, сәйкес адвокат гонорарлары мен сот шығындарын қоса алғанда, барлық жоғалтулардан қорғауға келісесіз. «Mondelēz International Inc.» компаниясының құнды қағаздары. Осы сайтта біз инвестиция сұрақтары бойынша кеңестер бермейміз, және осы сайттағы материалдар «Mondelēz International Inc.» компаниясының қандай-да бір құнды қағаздарын сату немесе сатып алу туралы ұсыныс ретінде қарастырыла алмайды. Егер Сіз сайтта қолжетімді кез келген материалды «Mondelēz International Inc.» компаниясының құнды қағаздарын сату немесе сатып алу турлы шешім қабылдау үшін пайдалануға шешім қабылдасаңыз, осы сайттағы материалдың тек қана қызметтің өткен шақтағы көрсеткіштерін ғана көрсететіндігін есте сақтауыңызды сұраймыз.

Басқа сайттарға сілтемелер

Осы сайт басқа интернет-сайттарға кіруді қамтамасыз етуі мүмкін. «Монделис» компаниясы осы сайттардың жұмыстарын бақыламайды, және Сіз оларға тек қана өз тәуекеліңізбен жүгінесіз. «Монделис» компаниясы сондай-ақ Сіз осы сайттағы байланыс арқылы қол жеткізген басқа сайттарда ұсынылатын ешқандай өнімдерді немесе ақпараттарды растамайды және мақұлдамайды. Сіз бұрынғыдай «Мон’дэлис Қазақстан» ЖШС / Mondelēz International компаниясының сайтындасыз ба немесе басқа веб-сайтқа ауыстыңыз ба екендігін анықтау үшін, Өзіңіздің браузеріңіздегі URL мекен-жайын тексеріңіз.

Юрисдикция

«Монделис» компаниясының жұмысын компанияның қазақ бөлімі бақылайды және осы сайтты қолданады. Біз ешқандай түрде сайттың материалдары Қазақстан тыс жерде қолданылатындығына кепілдік бермейміз және болжауға негіз бермейміз. Егер Сіз сайтты Қазақстан тыс жерде қолданатын болсаңыз, тек Сіз ғана кез келген қолданылатын жергілікті заңдардың орындалуы үшін жауапкершілікте боласыз. Сіз экспорттық заңнаманы және басқа да нормативтік актілерді бұзып, осы сайттың материалдарын пайдалана немесе экпорттай алмайсыз. Веб-сайтқа немесе оны қолдануға қатысты кез келген наразылық құқықтық ережелердің қарама-қайшылықтарына қарамастан Қазақстан нақты заңдарымен реттелетін болады, және Сіз осы сайтты пайдаланудан туындайтын немесе осымен қандай-да бір түрде байланысы бар тура немесе жанама туындайтын кез келген соттық талқылаулар үшін юрисдикцияға және аумақтық соттылыққа Қазақстан сот органдары ие болатындығымен келісесіз.

Веб-сайттың және осы Қолдану шарттарының өзгеруі

Осы сайтта материалдарды ұсына отырып, «Монделис» компаниясы осы материалдардың сіз үшін қолжетімді болып қала беретіндігіне уәде бермейді. «Монделис» компаниясы кез келген уақытта осы сайттың жұмысын, толығымен немесе жартылай, сізді осы туралы қандай-да бір хабардар етпестен, тоқтата алады. «Монделис» компаниясы сондай-ақ осы сайтқа кіру ұсынылғанда ескерілетін негізгі және қосымша шарттар мен хабарламаларды өзгерту құқығын өзіне қалдырады, және кез келген осындай өзгерістерден кейін сіздің осы Тарауды пайдалануыңыз қолданудың осындай өзгертілген шарттарымен Сіздің келісетіндігіңіздің растамасы болып есептеледі. Сіз кез келген өзгерістер енгізілуін тексеру үшін осы Пайдалану шарттарын ұдайы қарап шыға аласыз.

Осы Келісімнің әрекетінің тоқтатылуы

Осы Келісім тараптардың кез келгені оның әрекетін тоқтатқанға дейін қолданыста болады. Сіз осы сайттан алынған кез келген материалдарды, және де осыған байланысты барлық құжаттамаларды, барлық көшірмелерді және белгілемелерді жойып, кез келген уақытта Келісімнің әрекетін тоқтатуға құқылысыз. «Монделис» компаниясы осы Келісімнің әрекетін кез келген уақытта Сіз, оның пікірінше осы Келісімнің кез келген шарттарын бұзатындығыңыз туралы Сізді хабардар етпестен тоқтата алады. Келісімнің әрекеті тоқтаған кезде сіз барлық материалдарды жоюға тиіссіз.

Өзге шарттар

Егер осы Келісімнің келген шарты заңсыз, жарамсыз немесе орындалуы мүмкін емес деп танылса, Келісімнің басқа шарттары өз күшінде қалады. Бұл құжат Сіздің және «Монделис» компаниясы арасында сіздің осы сайтты пайдалануыңыздың барлық аспекттеріне қатысты толық келісім болып табылады.